Қазақстан лаңкестікке қарсы ауқымды амалдарды бастады
Қазақстанның қауіпсіздік күштері Ақтөбе қаласында лаңкестікке қарсы ауқымды амалдарды бастады.
«Эхо» сайтының хабарлауы бойынша, Қазақстанның Байланыс және ақпарат министрлігінің ақпарат өкілі Арсен Бектасов сәрсенбі күні: «Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күштері Ақтөбе қаласында лаңкестерге қарсы ауқымды амалдарды бастады. Бұл амалдар Ақтөбе қаласының қоғамдық орындарында, әсіресе маңызды аймақтарда, соның ішінде мұнай-химия зауытында жүргізіледі»,-деді.
Бектасовтың айтуынша, бұл амалдарға тексерушілер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Жемқорлықпен күрес қызметінің өкілдері жұмылдырылған.
Қазақстанның Байланыс және ақпарат министрлігінің ақпарат өкілі амалдардың соңында халыққа толық есеп берілетінін мәлімдеді.