Ақтау қаласына Гүлстан облысының экономикалық делегациясы келді
Иранның Гүлстан облысының әкімі бастаған экономикалық делегация ынтымақтастықтарды кеңейту мақсатында Қазақстанға жасаған сапарында кеше, бейсенбі күні Маңғыстау облысындағы тыңайтқыш өндіру кәсіпорны мен Ақтау коммерциялық портын аралады.
Хасан Садеқлу осы сапарда екі елдің бұрынғы келісімшарттарына сілтеме жасап: «Гүлстан облысы 120 мың тонна тыңайтқышты қажет етеді. Оның 80 пайызы импорт арқылы қамтамасыз етіледі. Маңғыстау осы қажеттілікті қамтамасыз ете алады. Екі ел арасында жасалған келісім клирингке негізделген. Гүлстан облысы да Маңғыстау облысына қажетті тауарларды экспорттайтын болды» деді. Гүлстан облысының әкімі Гүлстан мен Маңғыстау облыстарының соңғы жылдардағы байланыстарына сілтеме жасап: «Екі жақты байланыстар үшін негіздер бар. Әуе, құрлық және рельстік байланыс жолдары негізінде экономикалық байланыстардың ұлғаюына куә болуға болады» деді.