Қазақстан мұнай өндірісін азайтады
Қазақстанның Энергетика министрі бұл елдің мұнай өндірісін күніне жиырма мың баррельге азайтуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев сенбі күні Венада өткен ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің мұнай және энергетика министрлерінің басқосуында тілшілерге берген сұхбатта: «Қазақстан шикі мұнай өндірісінің көлемін өткен қараша айындағы өндіріс көлемі мен салыстырғанда жиырма мың баррельге азайта алады», - деп мәлімдеді.
Бұдан бұрын Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) қарашаның отызы күні Вена отырысында аталмыш ұйымның мұнай өндірісін күніне 32 млн 500 мың баррельге дейін азайту туралы келісімге қол жеткізген болатын.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сенбі күнгі Вена отырысында журналистерге берген сұхбатында ОПЕК-ке мүше емес елдердің де 2017 жылдың қаңтар айынан бастап мұнай өндірісін азайтатынын мәлімдеген болатын.