Қазақстанда 1800 лауазым иесі жемқорлық айыбымен жазаланды
Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары: «2015-2016 жылдары 1800-ден астам мемлекеттік шенеунік жемқорлық айыбымен жазаланды» деп мәлімдеді.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбав "Жемқорлықты тергеу және қудалау: халықаралық ынтымақтастық, мал-мүлікті тәркілеу және прокурорлардың тәуелсіздігі" деген тақырыпта Бішкекте өткен ынтымақтастық және экономикалық даму ұйымының жемқорлықпен күрес органдарының 17-ші отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазақстанда 2015- 2016 жылдары 1800- ден астам мемлекеттік шенеунік жемқорлық жасағаны үшін жазаланды. Осы қызметкерлердің жемқорлығы Қазақстан экономикасына 200 миллион доллардан астам шығын келтірді. Аталмыш сомадан 93 миллион доллар қайтарылды.
Сондай-ақ осы кезеңде қызметкерлері жемқорлыққа барған мемлекеттік органдарға 1528- ден астам жазбаша ескерту жөнелтіліп, 436 мемлекеттік қызметкерге айып салынды» деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда жемқорлыққа барған 924 қызметкердің мал-мүлкі тәркіленіп, 1200- ден астам кісі мемлекеттік органдарда қызмет атқарудан шеттетілген.