Шығыстану факультетінде Иранның көне мерекесіне арналған шара өтті
2016 жылы 21 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы мен «Гүлістан» үйірмесі Иранның көне мерекесі «Ялда түніне» арналған мерекелік шара өткізді.
Бұл мерекелік шараға шығыстану факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Б.Н.Жұбатова, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент М.Б. Салқынбаев, Ирантану секторының жетекшісі т.ғ.к., доцент Ж.Жеңіс және осы кафедраның ұстаздары, студенттері мен Алматы қаласы ЖОО-ның парсы тілі оқытушылары мен студенттері қатысты. Сонымен қатар, аталмыш шараға Алматы қаласындағы Иран Мәдени орталығының жетекшісі М.Жалали, Теһран университетінің докторы М.Жафари мен Шахид Бехешти университеттерінің докторы А.Чинари қатысты.
«Ялда түні» – көне замандардан бері келе жатқан мерекелердің бірі. Бұл мереке жылдың ең ұзақ түніне, яғни 21-желтоқсаннан 22-желтоқсанға қараған түнге сәйкес келеді. «Ялда түні» қараңғылық пен жарықтың орын алмастыруына негізделген мереке.