Қазақстан Сирияның бейбітшілік келіссөздерін өз жерінде өткізуге дайын
Қазақстан республикасының Елбасы Сирия бейбітшілік келіссөздерін өз жерінде өткізуге дайын екендігін мәлімдеді.
Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде елінің Сирия бейбітшілігіне қатысты келіссөздерді өткізуге дайын екендігін айтып, Ресей президентінің Сирия бейбітшілік келіссөздерін Астанада өткізу негізіндегі ұсынысы туралы Иран мен Түркия президенттері Хасан Рухани және Режеп Тайып Ердоғанмен де келісілгенін айтты.
Сириядағы дағдарыс 2011 жылы Сауд Арабиясы мен АҚШ және олардың одақтастарының қолдауына ие болып отырған лаңкестік топтардың Сирия президенті Башар Асадтың заңды үкіметін құлату мақсатын көздеген ауқымды шабуылдарымен басталған болатын.