Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ирандық танымал ғалым дәріс өткізді
Жел 28, 2016 09:07 Asia/Almaty
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетіне арнайы шақыртумен келген танымал ирандық ғалым, Теһран университетінің ұстазы, доктор Махмұт Джафари Беһағи «Әлем өркениетіндегі Иран тілі мен мәдениеті» тақырыбында 2 апта семинар өткізді.
Ғалым өз дәрістерінде Иранның Хақаменеши билігінен Ислам дәуіріне дейінгі көне тілдері, жазуы, сол тілдерден қалған жәдігерлер туралы жан-жақты мағлұмат беріп, қазіргі иран тілдері мен диалектілері тақырыбы жайлы да баяндады.
Ғалымның дәрістеріне әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұстаздары және студенттерімен қатар Алматы қаласының басқа да жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми қызметкерлері қатысты.
Тегтер