Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ирандық танымал ғалым дәріс өткізді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i21781-Әл_Фараби_атындағы_ҚазҰУ_де_ирандық_танымал_ғалым_дәріс_өткізді
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетіне арнайы шақыртумен келген танымал ирандық ғалым, Теһран университетінің ұстазы, доктор Махмұт Джафари Беһағи «Әлем өркениетіндегі Иран тілі мен мәдениеті» тақырыбында 2 апта семинар өткізді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 28, 2016 09:07 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де  ирандық танымал ғалым дәріс өткізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетіне арнайы шақыртумен келген танымал ирандық ғалым, Теһран университетінің ұстазы, доктор Махмұт Джафари Беһағи «Әлем өркениетіндегі Иран тілі мен мәдениеті» тақырыбында 2 апта семинар өткізді.

Ғалым өз дәрістерінде Иранның Хақаменеши билігінен Ислам дәуіріне дейінгі көне тілдері, жазуы, сол тілдерден қалған жәдігерлер туралы жан-жақты мағлұмат беріп, қазіргі иран тілдері мен диалектілері тақырыбы жайлы да баяндады.

Ғалымның дәрістеріне әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұстаздары және студенттерімен қатар Алматы  қаласының басқа да жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми қызметкерлері қатысты.