Қазақстанның елордасында әлемдегі ең үлкен сағаттың тұсаукесері өтеді
Жел 29, 2016 08:53 Asia/Almaty
Жаңа жылда Қазақстанның елордасында 17 метрлік әлемдегі ең үлкен сағаттың тұсаукесер рәсімі өтеді.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жаңа жылдың басында Қазақстанда әлемдегі ең үлкен сағат іске қосылады.
Диаметрі 17 метрді құрайтын сағат Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Астана қаласы әкімшілігінің мәлімдеуі бойынша ол әлемдегі ең үлкен сағат болып табылады.
Сағаттың айналасы түнде ерекше көрініс беретін әсем шырақтармен безендірілген.
Сағат желтоқсанның отыз бірі күні 24:00- де іске қосылатын болады. Сол кезде Есіл өзенінің жағалауында жаңа жыл тойланады.
Астана тұрғындары үшін үлкен сағаттың төңірегінде 8 000 шаршы метр көлемдегі мұз ойындарына арналған айдын жасалған.
Тегтер