Жел 31, 2016 19:02 Asia/Almaty
  • Лондондағы Қазақстанның жаңа елшісі тағайындалды

Қазақстанның Елбасы елдің бұрынғы Сыртқы Істер Министрін Астананың Лондондағы елшісі лауазымына тағайындады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні елдің бұрынғы Сыртқы Істер Министрі Ерлан Идрисовты Астананың Ұлыбританиядағы елшісі лауазымына тағайындады.

Назарбаев Идрисовты Қазақстанның Лондондағы елшісі ретінде таныстыруымен қатар, оған елдің дипломатиялық органының төрағасы лауазымындағы қызметтері үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Елбасы сонымен қатар елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Абдрахмановты Қазақстанның жаңа Сыртқы Істер Министрі етіп тағайындады.

 

Тегтер