Қазақстан 46 ел үшін виза режимін алып тастады
Қаң 04, 2017 22:53 Asia/Almaty
Қазақстанның мемлекеттік дереккөздері осы елдің 2017 жылдың қаңтар айының бірінен бастап әлемнің 46 елімен виза режимін алып тастағанын хабарлады.
Қазақстанның мемлекеттік дереккөздері 2017 жылдың қаңтар айының бірінен әлемнің 46 елінің азаматтарының осы елге 30 күнге визасыз сапар шеге алатынын хабарлады. Қазақстан үкіметінің бұл шарасы саяхатшылардың көбірек назарын аударуда және шетелдік инвестицияны тартуда әсерлі болмақ. Бұған дейін әлемнің тек 19 елінің ғана азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алатын. Алайда енді Қазақстан үшін виза қажет болмайтын елдердің саны артады.