Сирия қарсыластарының делегациясы Қазақстанға келді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i23521-Сирия_қарсыластарының_делегациясы_Қазақстанға_келді
Астана отырысына қатысу үшін Сирия қарсыластарының делегациясы Қазақстанның елордасына келіп жетті. Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан СІМ-нің ақпарат хатшысы Ануар Жайнақов: «Сириялық қарсыластардың делегациясы кеше кешке 23 қаңтарда өтетін Сирияның бейбіт келіссөздеріне қатысу мақсатында Қазақстанның елордасы Астанаға келіп жетті. Сирия үкіметінің делегациясы да бүгін Астанаға келеді»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 22, 2017 18:21 Asia/Almaty
  • Сирия қарсыластарының делегациясы Қазақстанға келді

Астана отырысына қатысу үшін Сирия қарсыластарының делегациясы Қазақстанның елордасына келіп жетті. Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан СІМ-нің ақпарат хатшысы Ануар Жайнақов: «Сириялық қарсыластардың делегациясы кеше кешке 23 қаңтарда өтетін Сирияның бейбіт келіссөздеріне қатысу мақсатында Қазақстанның елордасы Астанаға келіп жетті. Сирия үкіметінің делегациясы да бүгін Астанаға келеді»,-деп хабарлады.

Сенбі күні, сондай-ақ, Иран, Ресей мен Түркия елдерінің делегациялары және БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура Астанаға келді.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол өз елінің атынан осы келіссөздерге қатысатын болады.

Айта кету қажет, ИИР Сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Джабер Ансари бастаған Иран делегациясы да кеше, сенбі күні Қазақстанға келіп жетті.

Бұрын жарияланғандай, ирандық делегация осы келіссөздердегі Ресей делегациясының өкілі Александр Лаврентьевпен кездесіп, сұхбаттасты. Сонымен қатар, Иран делегациясы Қазақстанға келген Түркияның өкілдерімен де кездесіп, пікір алмасты.

Иран, Ресей мен Түркия дипломаттары Сирияның бейбіт келіссөздері басталғанға дейін үш жақты отырыс өткізеді деп жоспарланған.