Астанада Сирия тақырыбы бойынша бастапқы келіссөз өтті
Қаң 22, 2017 20:47 Asia/Almaty
Иран Ислам Республикасы, Ресей және Түркияның саяси делегацияларының бірлескен отырысы Астана қаласындағы "Марриотт" қонақ үйінде басталды.
Үшжақты отырыстың басталуынан бұрын Иран мен Ресей делегациялары соңғы тәулікте осымен үшінші рет ақылдасты. Сирия туралы Астана саммитінің қорытынды құжатын қарастырып, Астана келіссөздерінде талқыға салынатын тақырыптар негізіндегі үш елдің үйлесімділігі үш мемлекеттің сұхбаттарының негізгі тақырыбы болып табылады. Иран мен Ресей және Түркия тек сириялық қарулы қарсылас топтардың өкілдерінің Астана келіссөздеріне қатысуына келісті. Тараптар сонымен қатар қарусыз саяси қарсылас топтардың келесі отырысқа қатысуына келісті.