Астанада өтетін келіссөзге жеті делегация қатысады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i23557-Астанада_өтетін_келіссөзге_жеті_делегация_қатысады
Қазақстан СІМ осы отырысқа мұрындық болып отырған Иран, Ресей және Түркиямен қоса Сирия үкіметі мен оның қарсыластарынан екі делегация мен БҰҰ бас хатшысының өкілі Стаффан де Мистураның осы отырысқа қатысып отырғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 22, 2017 21:08 Asia/Almaty
  • Астанада өтетін келіссөзге жеті делегация қатысады

Қазақстан СІМ осы отырысқа мұрындық болып отырған Иран, Ресей және Түркиямен қоса Сирия үкіметі мен оның қарсыластарынан екі делегация мен БҰҰ бас хатшысының өкілі Стаффан де Мистураның осы отырысқа қатысып отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Қазақстан СІМ-ның мәлімдеуі бойынша барлық тараптар өздерінің осы отырысқа қатысатындықтарын растап отыр.

Ресейдің "РБК" арнасы да Қазақстан СІМ-не сілтеме жасап, жоспар бойынша дүйсенбі күні жабық есік жағдайында басталатын «сириялық-сириялық» екі күндік келіссөзге тек келісімгер делегациялардың ғана қатысатынын, тілшілер мен ақпарат құралдары өкілдерінің қатыспайтынын хабарлады. Бағдарлама бойынша Астана келіссөздері сейсенбі күні түстен кейін аяқталады. Алайда оны ұзарту ықтималы да жоқ емес. Астанадағы келіссөздерге қатысып отырған Иран Ислам Республикасы мен Ресей Федерациясы өкілдігінің делегациялары жексенбі күні таңертең де негізгі отырыс туралы екінші кеңесу өткізді. Кеше түстен кейін де екі делегация негізгі саммит туралы үйлесімділік үшін өздерінің алғашқы отырысын өткізген жағдайда осы келіссөздер күн тәртібіне қойылды. Сұхбаттарда Иран ислам республикасының делегациясына Иран СІМ-нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Джабери Ансари төрағалық етіп отыр.

Иран, Ресей және Түркия Сирияда атыс тоқтатудың бастамашысы және Астана келіссөздерін өткізуді жоспарлаушы үш мемлекет болып табылады.