Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары: Астана келіссөздері жайлы 440 тілші хабар таратады
Қаң 23, 2017 21:26 Asia/Almaty
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Астанадағы келіссөздер туралы хабар тарату үшін шетелдік 320 тілші мен осы елдің 120 тілшісінің қатысып отырғанын мәлімдеді.
Роман Василенко баспасөз конференциясында: «Астанада Сирия тақырыбында өтіп жатқан келіссөздер туралы шетелдік 320 тілші хабар тарату үшін қатысып отыр. Қазіргі кезде Сирия келіссөздерінің өткізілу үдерісіне қатысты халықаралық қауымдастықтың арасынан ынта байқалады. Сирия дағдарысы әлем мен аймақ елдері үшін көптеген қиыншылық туғызып отыр. Осы тақырып аталмыш елдердің Сириядағы түйткілдерді шешуді мақсат етуіне себеп болып отыр» деді.
Тегтер