Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары: Астана келіссөздері жайлы 440 тілші хабар таратады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i23597-Қазақстан_Сыртқы_істер_министрінің_орынбасары_Астана_келіссөздері_жайлы_440_тілші_хабар_таратады
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Астанадағы келіссөздер туралы хабар тарату үшін шетелдік 320 тілші мен осы елдің 120 тілшісінің қатысып отырғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 23, 2017 21:26 Asia/Almaty
  • Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары: Астана келіссөздері жайлы 440 тілші хабар таратады

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Астанадағы келіссөздер туралы хабар тарату үшін шетелдік 320 тілші мен осы елдің 120 тілшісінің қатысып отырғанын мәлімдеді.

Роман Василенко баспасөз конференциясында: «Астанада Сирия тақырыбында өтіп жатқан келіссөздер туралы  шетелдік 320 тілші хабар тарату үшін қатысып отыр. Қазіргі кезде Сирия келіссөздерінің өткізілу үдерісіне қатысты халықаралық қауымдастықтың арасынан ынта байқалады. Сирия дағдарысы әлем мен аймақ елдері үшін көптеген қиыншылық туғызып отыр. Осы тақырып аталмыш елдердің Сириядағы түйткілдерді шешуді мақсат етуіне себеп болып отыр» деді.