Қаң 24, 2017 09:18 Asia/Almaty
  • Қазақстан Сыртқы істер министрі Сирия делегациясы және сириялық қарсыластардың өкілдерімен кездесті

Қайрат Әбдірахманов Астана келіссөздерінде Сирия өкілдігі делегациясының төрағасы Башар әл-Жафаримен кездесуде: «Астана саммиті БҰҰ-ның қолдауымен Женева келіссөздерінің келесі кезеңін алға ілгерілету бағытындағы маңызды қадам болып табылады» деді.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Астана саммитіне қатысу үшін Қазақстанға сапар шеккен Сирия үкіметі өкілдігі делегациясының төрағасымен және осы елдегі үкіметтің қарсыластарымен жеке кездесті.

Қайрат Әбдірахманов Қазақстан үкіметінің Сирия халқына көмек жеткізуді жеңілдетуге талпыныс жасайтынын мәлімдеп: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және осы елдің үкіметі Сирия дағдарысын шешу үшін халықаралық саладағы шараларға көмектесу үшін өз талпыныстарын жалғастырады» деді.

Әбдірахманов сириялық қарсыластар делегациясымен кездесуде де Астана саммитінің күн тәртібі туралы сөйлесті.

Отырыстың күн тәртібіне атысты тоқтатуды тұрақтандыру, лаңкестікпен әсерлі түрде күресу және Сирия дағдарысында саяси шешім жолына қол жеткізуге алғышарт әзірлеу үшін Сирия үкіметі мен оның қарсыластары арасында «сириялық-сириялық» сұхбаттасулар өткізу сияқты мақсаттар қойылған.

 

 

Тегтер