Алматыда 2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиада басталды
2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиаданың ресми ашылу салтанаты ҚР Елбасы мен осы елдің ресми басшыларының қатысуымен басталды.
«Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ашылу рәсімінің алдында Қазақстанның түрлі қалаларынан Алматыға жеткізілген 16 алау жағылды.
Қазақстанның тарихы, мәдениеті, өнері және жетістіктері көрсетілген салтанатты шарадан кейін 57 елдің, соның ішінде Иранның спорт командалары парадта сап түзеп, жүріп өтті.
ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл шараның Қазақстан халқының денсаулығын күшейту бағдарламаларымен үндестікте өткізіліп, халыққа салауатты өмір салтын сүйіншілейтінін айтты.
Назарбаев осы жарыстарды өткізу үшін Алматы қаласының таңдалуына сілтеме жасап: «Алматы – мың жылдық тарихы бар қала, тәуелсіздіктің бесігі және Қазақстанның жаңа тарихының басталған жері. Сондай- ақ, бұл қала – ел экономикасының ошағы» деді. 2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиада 29- шы қаңтардан 8-ші ақпанға дейін Алматыда өтеді.