Хакерлер Қазақстанның үкіметтік 21 сайтын істен шығарды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i23913-Хакерлер_Қазақстанның_үкіметтік_21_сайтын_істен_шығарды
Қазақстан республикасының Ақпарат министрлігі хакерлердің осы елдің үкіметтік органдарының 21 ресми сайтына хакерлік шабуыл жасағанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 01, 2017 20:36 Asia/Almaty
  • Хакерлер Қазақстанның  үкіметтік 21 сайтын істен шығарды

Қазақстан республикасының Ақпарат министрлігі хакерлердің осы елдің үкіметтік органдарының 21 ресми сайтына хакерлік шабуыл жасағанын хабарлады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан республикасының Ақпарат министрлігі: «Қаңтардың 28-29 демалыс күндері осы елдің атқарушылық және үкіметтік органдарының 21 ресми сайтына хакерлік шабуыл жасалды. Оның себебі осы сайттардың қауіпсіздігінің нашарлығы болды» деп мәлімдеді.

Осы орталықтың мәлімдеуі бойынша, кейбір үкіметтік органдардың сайттары басқарушылық системасының жаңартылмауы, қауіпсіздікпен қамтамасыз етілмеуі және киберлік шабуылдарды деркезінде анықтамауына байланысты хакерлік шабуылға ұшырайды.

Қазақстанның киберлік шабуылдарға шолу мен сараптама жасау орталығы әлеуметтік желілердің біріндегі өзінің ресми парақшасында бұл жөнінде: «Қазақстанда 323 сайттың негізгі және маңызды беттеріне хакерлік шабуыл жасалды. Солардың арасынан "Солтүстік Қазақстан", "Шығыс Қазақстан" және "Алматы" облыстарының үкіметтік органдарының сайттары да байқалады» деп жазды.