Қаржы, Әділет және Ауыл шаруашылығы министрліктері – Қазақстанның ең жемқор мемлекеттік органдары
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i24175-Қаржы_Әділет_және_Ауыл_шаруашылығы_министрліктері_Қазақстанның_ең_жемқор_мемлекеттік_органдары
Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес комитеті басшысының орынбасары Айгул Шаимова Қаржы, Әділет және Ауыл шаруашылығы министрліктерін Қазақстанның ең жемқор мемлекеттік органдары деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 09, 2017 14:25 Asia/Almaty
  • Қаржы, Әділет және Ауыл шаруашылығы министрліктері – Қазақстанның ең жемқор мемлекеттік органдары

Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес комитеті басшысының орынбасары Айгул Шаимова Қаржы, Әділет және Ауыл шаруашылығы министрліктерін Қазақстанның ең жемқор мемлекеттік органдары деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес комитеті басшысының орынбасары осы елдің ең жемқор органдарының тізімін жариялап: «Қаржы, Әділет және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өңірлік қызметкерлері басқа органдардан көбірек заңбұзушылық жасайды»,-деді.

А.Шаймова осы органның 2016 жылдағы жұмысы жайлы есеп беріп: «Өткен жылы мемлекеттік органдардан қызметкерлерді жұмыстан босату олардың теріс жұмыстары салдарынан орын алды.

Мемлекеттік органдардың  қызметкерлерінің жұмыстан босату себептерінің жартысынан көбі жемқорлыққа қатысты болған. Қаржы, Әділет және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өңірлік қызметерлері осы тізімде бірінші орында тұр. Өткен жылы жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтар көбінесе Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай мен Жамбыл облыстарында байқалды»,-деп мәлімдеді.