Иранның көліктері Қазақстанда екі халықаралық стандарт куәлігін алды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i24263-Иранның_көліктері_Қазақстанда_екі_халықаралық_стандарт_куәлігін_алды
Ирандық көлік алғаш рет Алматы қаласында екі халықаралық стандарт куәлігін алды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 12, 2017 22:25 Asia/Almaty
  • Иранның көліктері Қазақстанда екі халықаралық стандарт куәлігін алды

Ирандық көлік алғаш рет Алматы қаласында екі халықаралық стандарт куәлігін алды.

Халықаралық стандард куәліктері "Peugeot 206 SD", "Soren Torbo", " Soren ELX", "Dena", "Ruana", "Samand LXE CNG" көліктеріне берілді. Бұдан былай осы көліктердің Кеден Одағы, Еуразия және ТМД аймағы елдеріне экспорттауға рұқсаты болады.

Сондай-ақ екі халықаралық стандарт куәлігін алумен шетелде ирандық көлікті монтаждау үшін мүмкіндік туды.

Осы куәліктер Қазақстанның индустриялдық стандарт басқармасының басшылары өткізген рәсімде "Iran Khodro" компаниясының экспорт басшыларына табыс етілді.

Көп уақыттан бері Еуразия елдеріне экспорты тоқтатылған ирандық көліктер куәліктерді алу арқылы осы елдердің нарығында бәсекеге түсе алады.