Түркияның әл-Баб қаласына жасаған шабуылдарында құрбан болғандардың саны артты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i24436-Түркияның_әл_Баб_қаласына_жасаған_шабуылдарында_құрбан_болғандардың_саны_артты
Түркия әскерінің Сирияның солтүстігіндегі Алеппо облысының әл-Баб қаласына зеңбіректермен жасаған шабуылында 4 бейбіт тұрғын қаза болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 18, 2017 20:46 Asia/Almaty
  • Түркияның әл-Баб қаласына жасаған шабуылдарында құрбан болғандардың саны артты

Түркия әскерінің Сирияның солтүстігіндегі Алеппо облысының әл-Баб қаласына зеңбіректермен жасаған шабуылында 4 бейбіт тұрғын қаза болды.

Осы төрт сириялық бейбіт тұрғын қаза болғаннан кейін Түркия әскерінің әл-Баб қаласына жасаған шабуылдарында өткен 4 күнде құрбан болғандардың саны 50 адамға  жетті. Сирия үкіметі осы елдің солтүстігінде "Фырат қалқаны" атауымен белгілі болған Түркия күштерінің әскери амалдарын айыптап, оны Сирияның жер тұтастығына қарсы шапқыншылық деп атады. Түркия "Фырат қалқаны" амалдары шеңберінде ДАИШ-пен күресіп жатқаны туралы уәж айтқанымен, Түркия шекарасы арқылы лаңкестердің Сирияға кіруіне тосқауыл жасамай отыр.