Қазақстан мен Ресей президенттері Алматыда кездесті
Ресей президенті бюросының ақпарат хатшысы Ресей мен Қазақстан басшыларының бейресми кездескенін хабарлады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей президенті бюросының ақпарат хатшысы Дмитрий Песков тілшілерге берген сұхбата: «Владимир Путин кеше түстен кейін Қазақстанға келіп, бейресми кеңістікте өзінің қазақ әріптесімен кездесті. Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев осы кездесуден кейін Алматының маңындағы шаңғы тебу кешенінде сұхбаттасты» деді.
Ресей мен Қазақстан басшыларының ресми кездесуі бүгін өтті. Содан кейін Путин Тәжікстан мен Қырғызстанға аттанды.
Путиннің Душанбе сапарының негізгі тақырыбы лаңкестік және әсірешілдікпен күрес мәселесі, әсіресе Тәжікстан мен Ауғанстан шекараларында жасақшы топтардың белсенділігі турасында болмақ.
Путин Қырғызстанда келесі президенттік сайлау үшін саяси бәсекелестіктердің басталуымен орайлас Бішкекке сапар шегеді.
Ресей президенті Бішкекке баруы арқылы Кремль қалайтын үміткерді таңдауы ықтимал.
Ол осы сапарда Қырғызстанның жоғары мәртебелі қайраткерлері және осы елдегі президенттіктен үміткер кейбір адамдармен кездесетін болады.