Назарбаев Қырғызстан президентінің сөзіне қатысты мәлімдеме жасады
(last modified Sat, 18 Mar 2017 14:01:51 GMT )
Нау 18, 2017 20:01 Asia/Almaty
  • Назарбаев Қырғызстан президентінің сөзіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан президенті қырғыз әріптесінің 2010 жылы екі ел шекарасының жабылуы және сол кезде Қырғызстанның бірқатар азаматының қаза табуы туралы айтқан сөзіне қатысты мәлімдеме жасады

«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың осы елдің Қазақстанмен шекарасын жабу салдарынан адам өлімі орын алғаны туралы ақпан айында айтқан сөзіне реакция білдіріп: «Қырғызстан президентінің сөздері екі халық – қазақ пен қырғыздың бауырластық қатынасына еш әсер етпейді. Президенттер мен ел  басшылары өзгереді, бірақ халық қалады. Сол себепті мұндай сөздерге сонша назар аударудың қажеті жоқ. Қырғызстанның заңды президенті биліктен тайдырылып, түрмеден көптеген тұтқындар босап шыққан сол кездегі бүлікте, егер Астана өзінің Бішкекпен шекарасын жаппағанда, олардың барлығы Қазақстанға кірген болар еді.

Қырғызстанның биліктен кетірілген президенті Құрманбек Бакиевты Қазақстанға алып шыққан кезде ғана ел тынышталды» деді.