Maм 03, 2017 21:05 Asia/Almaty
  • Де Мистура мен Джабер Ансари Астанада кеңесті

БҰҰ Сирия істреі жөніндегі арнайы өкілі Стеффан де Мистура Астанадағы Сирия мәселесіне қатысты халықаралық отырысқа қатысу үшін аттанған Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Садық Джабери Ансаримен кездесіп, сөйлесті.

БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стеффан де Мистура мен Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Садық Джабери Ансари бұл кездесуде Сирияның соңғы өзгерістері және Астана келіссөздерінің үдерісі туралы пікір алмасты.

Джабери Ансари Сирия дағдарысын шешуді жылдамдату қажеттілігі мен осы саладағы Иранның тұрақты саясатына тоқталып, БҰҰ мен Астана отырысына басқа қатысушылардың бұл мақсатқа жету үшін шынайы белсенділік танытуының маңыздылығын қуаттады.

Сейсенбі күні Иран мен Сирия және Ресей, Түркия, Иран топтарының келіссөздері өтті.

 

 

 

Тегтер