Дінаралық диалогқа қосқан үлес үшін Астана халықаралық сыйлығы берілетін болды
Маусым 13, 2017 11:06 Asia/Almaty
Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елде Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын беру жиынын ұйымдастыруға қаулы шығарды.
Бұл сыйлық әр үш жыл сайын дінбасыларына, қоғамдық және саяси қайраткерлерге дінаралық диалогты нығайтуға қосқан үлестері үшін беріледі. 20 мың долларлық бұл сыйлық бір тұлғаға тек бір рет қана беріледі. Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының алғашқы саммиті 2003 жылдың қыркүйек айының жиырма үші және жиырма төрті күндері өтті. Сол кезден бастап осы уақытқа дейін үш жыл сайын Қазақстанның елордасы Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының саммиті өткізіліп келеді.