Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандап жатыр
Маусым 14, 2017 20:59 Asia/Almaty
Қазақстанның статистикалық орталығы бір есебінде елдің жылжымайтын мүлік нарығында, әсіресе, жаңа салынған үйлердің бағасының арзандай түсетінін мәлімдеді.
Осы орталықтың мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың алғашқы бес айындағы тұрғын үй бағасы орта есеппен 2,3 пайызға төмендеген. Бұл сатып алушылардың сұранысын арттырып отыр.
Осылайша тұрғын үй сатып алу деңгейі көрсетілген мерзімде 30 пайызға артқан. Жылжымайтын мүлік бағасының арзандауының ең жоғарғы көрсеткіші Павлодар (13,9 пайыз), Көкшетау (11,8 пайыз) және Астана (9,8 пайыз) қалаларында тіркелген.
Тегтер