Иранның атлеттері Қазақстандағы жарыста 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль иемденді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i28370-Иранның_атлеттері_Қазақстандағы_жарыста_3_алтын_2_күміс_және_4_қола_медаль_иемденді
Қазақстанда Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан өткен халықаралық турнирде Иран командасы сенбі күні 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 25, 2017 13:50 Asia/Almaty
  • Иранның атлеттері Қазақстандағы жарыста 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль иемденді

Қазақстанда Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан өткен халықаралық турнирде Иран командасы сенбі күні 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

ИИР Жеңіл атлетика федерациясының мәліметі бойынша, Қазақстандағы Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан өткен турнирде ирандық Милад Сайар, Кейван Қанбарзхаде және Мослем Ниадуст сәйкесінше 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, биіктікке секіру және 1500 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды.

Ирандық атлеттер Хосейн Кейһани мен Реза Ғасеми 1500 және 100 метр қашықтыққа жүгіруден күміс жүлде иеленді.

Али Хадивар, Али Самари, Реза Молкпур мен Ваһид Седдиқ сәйкесінше 100 метрге жүгіру, ядро серпу, 400 метр қашықтыққа жүгіру және үш аттап секіру түрлерінен ИИР қоржынына қола медальдар салды.