Иранның атлеттері Қазақстандағы жарыста 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль иемденді
Қазақстанда Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан өткен халықаралық турнирде Иран командасы сенбі күні 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
ИИР Жеңіл атлетика федерациясының мәліметі бойынша, Қазақстандағы Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан өткен турнирде ирандық Милад Сайар, Кейван Қанбарзхаде және Мослем Ниадуст сәйкесінше 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, биіктікке секіру және 1500 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды.
Ирандық атлеттер Хосейн Кейһани мен Реза Ғасеми 1500 және 100 метр қашықтыққа жүгіруден күміс жүлде иеленді.
Али Хадивар, Али Самари, Реза Молкпур мен Ваһид Седдиқ сәйкесінше 100 метрге жүгіру, ядро серпу, 400 метр қашықтыққа жүгіру және үш аттап секіру түрлерінен ИИР қоржынына қола медальдар салды.