Иран мен Қазақстанның парламентаралық серіктестіктерін кеңейту маңызды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i28380-Иран_мен_Қазақстанның_парламентаралық_серіктестіктерін_кеңейту_маңызды
Иран мен Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы Иран мен Қазақстан арасындағы парламентаралық байланыстарды екі елдің әлеуеттерін танып, соларды серіктесіктерді нығайту шеңберінде пайдалануды өте маңызды деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 25, 2017 17:56 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның парламентаралық серіктестіктерін кеңейту маңызды

Иран мен Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы Иран мен Қазақстан арасындағы парламентаралық байланыстарды екі елдің әлеуеттерін танып, соларды серіктесіктерді нығайту шеңберінде пайдалануды өте маңызды деп атады.

Иран мен Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасы Ахмад Амирабади жексенбі күні Астана қаласында Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкомен кездесуде: «Екі елдің парламенттік достық тобының құрылуы екі тараптың әртүрлі салалардағы байланыстарын кеңейтуге ықылас танытатындықтарының белгісі. Бұл қадам экономикалық және сауда салаларында серіктестіктерді кеңейтуге жол ашады. Иран мен Қазақстанның сауда байланыстарын кеңейтіп, жаңа технологияларды пайдалану саласында тәжірибе алмасу да аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейту үшін негіз әзірлейді» деді.

Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко да кездесуде Иран мен Қазақстанның барлық салалардағы, әсіресе экономика мен сауда байланыстарын арттыруды екі ел халқының мүддесі үшін пайдалы деп бағалап: «Иран Қазақстанның аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатудағы серігі саналады. Екі елдің кеңесулерінің жалғасуы өте маңызды» деді

Иранның мәжілістік делегеациясы Қазақстан басшыларымен екіжақты және парламенттік байланыстарды дамыту туралы сұхбаттасу үшін Қазақстанға сапармен келді.