Астана отырысына сириялық қарулы қарсыластар қатысады
Қазақстанның Сыртқы Істер Министрі Астанада сириялық бейбітшілік келіссөздерінің бесінші кезеңінде Сирия үкіметінің қарулы қарсыластарының қатысатынын хабарлады.
Қайрат Әбдірахманов бүгін, дүйсенбі күні Сирия қарулы қарсыластары делегациясының келіссөздердің осы кезеңіне қатысу үшін ертең Қазақстанның Елордасы Астанаға келетінін мәлімдеді. Қарулы қарсыластар биылғы жылдың мамыр айының 3-4 күндері өткен Астана келіссөздерінің үшінші, төртінші кезеңдеріне қатыспаған болатын.
Иран мен Ресей және Түркия Астанада өткен Сирия келіссөздерінің төртінші кезеңінде Сирияда Идлиб облысының аймақтары мен Хомс қаласының солтүстік аймағы және Ғутенің шығыс-оңтүстік аймақтарын қамтитын қауіпсіз аймақтар құру туралы меморандумға қол қойды.
Келіссөздердің сол кезеңінде Қазақстан тараптарды қабылдаушы, Америка бақылаушы ел ретінде қатысты.