Астанада «сириялық-сириялық» келіссөздер басталды
«Сириялық-сириялық» келіссөздердің бесінші кезеңі Иран, Ресей, Түркия елдерінің делегациялары мен Сирия үкіметі және қарулы қарсыластар өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның Елордасы Астана қаласында бүгін, сейсенбі күні басталды.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Астанада өтіп жатқан «сириялық-сириялық» келіссөздерге қатысушы делегациялардың өкілдері Сирияның соңғы жағдайына қатысты мәселелер туралы сұхбаттасуда. Ертең сәрсенбі күні де барлық делегациялардың қатысуымен жалпы отырыс өтеді.
Астанада өтіп жатқан Сирия бейбітшілік келіссөздерінде Ресей делегациясының басшылығы Ресей президентінің Сирия істері бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьевке жүктелген.
Ирандық делегацияның басшылығы Иран СІМ-нің араб және африкалық істер бойынша орынбасары Садеқ Хосейн Джабери Ансариге жүктелген.
Сирияда атысты тоқтату бітімін нығайту, қауіпсіз төрт аймақтың шекарасын белгілеу немесе сол елде шиеленісті азайту Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздерінің бесінші кезеңінің күн тәртібіне қойылған. Қауіпсіз аймақтарды қалыптастыруға қатысты құжаттарға да келісімгер тараптар қол қояды деп күтілуде.