Қазақстанда сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізілді
(last modified Wed, 12 Jul 2017 17:20:50 GMT )
Шіл 12, 2017 23:20 Asia/Almaty
  • Қазақстанда сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізілді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің Конституциясындағы сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізу туралы қаулыға қол қойды.

Бекітілген заңға сәйкес, қарапайым азаматтар президенттік сайлауға өз кандидатураларын ұсына алмайды. Үміткер ретінде тіркелгісі келетін азамат мемлекеттік ұйымдарда 5 жыл жұмыс тәжірибесі және денсаулығы туралы анықтамаға ие болуы керек. Сонымен қатар,Қазақстанның Ата заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, лаңкестік қылмыстар жасаған тұлғалар Қазақстанның азаматтығынан айырылатын болады.