Қазақстан Ауғанстанның бейбітшілік үдерісін қолдайды
Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің хатшысы Астананың Ауғанстанның бейбіт үдерісін қолдайтынын мәлімдеді.
«Тасним» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің хатшысы Владимир Жұмақанов сейсенбі күні ауғанстандық делегациямен кездесуде елінің Ауғанстанда лаңкестердің психикалық соғысымен күрес саласында да серіктестік жасауға әзірлігін жариялады.
Ауғанстан Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің баспасөз кеңсесі де мәлімдеме жариялап, Қазақстан республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің хатшысы Владимир Жұмақановтың Ауғанстан Президентінің Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Ханиф Атмармен кездесіп, сұхбаттасқанын хабарлады.
Атмар Қазақстан мен Ауғанстанның серіктестіктерін құптап, Ауғанстан мен Қазақстан президенттерінің екі елдің лаңкестікпен күрес саласындағы әріптестіктерін жалғастыру бойынша келісімге ие екендіктерін мәлімдеді.
Қазақстан таяуда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болды.