Катар санкция салушы елдердің үстінен шағым түсірді
(last modified Wed, 02 Aug 2017 01:24:47 GMT )
Там 02, 2017 07:24 Asia/Almaty
  • Катар санкция  салушы елдердің үстінен шағым түсірді

Катардың Дүниежүзілік сауда ұйымындағы өкілі Әли әл-Валид әл-Тани үш араб елі Катарды қоршауды қуаттағаннан кейін Доханың Арабстан, Бахрейн мен БАӘ-не қарсы шағым түсіргенін мәлімдеді.

Катарлық қайраткер: "Доха бірінші қадамында осы үш елмен келіссөздер жүргізу үшін ресми өтініш берді. Бұл өтініштен кейін үш ел 60 күн ішінде Катармен келісімге келуі тиіс.Кері жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымының төрелігі және Доханың қарымта санкцияларымен бетпе-бет келеді" деді.