Қазақстан азаматтарының шетелде діни білім алуына тыйым салуы мүмкін
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі қазақстандықтарға шет мемлекеттерде діни білім алуға тыйым салу ықтималдығы туралы хабарлады
Қазақстан Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана басшыларының қазақстандықтарға шет мемлекеттерде діни білім алуды тыйым салу туралы мәселені қарастырып жатқанын айтып, елде әсірешілдіктің ықпал ету қатерлерін шектеуді үкіметтің осындай әдісті қолдануының дәлелі деп атады.
Сондай-ақ, Ермекбаев әсірешіл уағыздаушылар мен үгіттеушілердің қазақстандық азаматтарға ықпал етуін Астана үкіметінің осы шараны іске асырудағы негізгі себебі деп атады.
Қазақстан басшыларының бұл шешімі Қазақстан билік өкілдерінің әсірешілдіктің өсуі мен Орта Азияның ең ірі республикасындағы тәкфирлік көзқарастың кең етек жаюына байланысты алаңдаушылықтарынан туындап отыр. Сол себепті біраз уақыттан бері қазақстандық басшылар мен қазақ қоғамының дін істеріне жауапты тұлғалары діни үгіттеушілер мен белсенділердің әрекеттерін шектеу жолында шара қолдануда.
Қазақстандық басшылардың қабылдаған шешімдер мен іске асырған іс-шаралар жиынтығы діни және идеологиялық полиция қызметкерлерінің әрекеттері, әсіресе отбасылар арасында үгіт жүргізу туралы жаңа жобаны іске асыру аясында осы мемлекетте әсірешілдікпен күресу үшін арнайы топтар құру секілді іс-шаралар мен елбасының әсірешіл лаңкестік топтармен күресуді жалғастыру қажеттігін қуаттауы және қазақстандық азаматтарды тәкфиршіл-лаңкестік топтар, соның ішінде ДАИШ тобымен әріптестік жасаған жағдайда азаматтығынан айыру секілді жазалау шаралары арқылы көрініс тауып жатыр.
Осыдан шамамен бес жыл бұрын Тәжікстан үкіметі басымдықтарының қатарынан мынадай әдіс орын алды, яғни, орта азиялық мемлекетте тәкфиршіл ағым мен әсірешілдіктің ықпал етуінің алдын алу үшін тәжікстандық дін уағызшылары шетелдердің әртүрлі діни медреселерінде діни білім алудың орнына өздерінің ұлттық қоғамында діни білім алуға бет бұрды.
Тәжікстандық жетекшілердің пікірінше бұл шара тек елде әсірешілдік көзқарастың таралуының алдын алу мақсатында ғана емес, сонымен қатар аймақ мемлекеттерінің Тәжікстан қоғамының саяси, әлеуметтік, мәдени және діни-сенімдік салалардағы өзгерістерге адами факторлардың ықпал ету мүмкіндігін ең төмен деңгейге түсірді. Бұл әдіс бойынша бүгінгі таңда Тәжікстан азаматтары мен билік өкілдері Душанбе үкіметінің Тәжікстандағы әсірешілдікпен күрес саясатының анықтығы, дұрыстығы мен әсері жөнінде пайымдауы керек.
Шындығында Тәжікстанда діни саладағы белсенділіктерді барынша шектеу, әсіресе шет мемлекеттердің діни медреселерінде студенттердің білім алуына байланысты жүзеге асырылған шараларға қарамастан, тәжікстандық басшылардың діни білім алуды жаңарту туралы шешімінен күткен үміттері жүзеге аспады. Сонымен қоса, үкіметтің қатаң шараларымен қатар әсірешіл және тәкфиршіл топтардың саясаты да өзгеріске ұшырап, олар астыртын жолдармен жүзеге асып немесе әсірешіл формада ашық және қарулы наразылықтар арқылы көрініс тапты.
Сол себепті діни білім беру ісінде жүзеге асқан қысқарту саясаттары қысқа мерзім аралығында Тәжікстан секілді мемлекетте әсірешіл әрекеттерді барынша азайтқанына қарамастан, орта мерзімде Тәжікстан қоғамындағы діни және мазхабтық догматизмді жоя алмады. Қазақстан қоғамының бір жағынан халқының діни және сенім бейімділіктері тұрғысынан, басқа жағынан бұл елде көп жылдар бойы коммунистік үкіметтің билігіне байланысты Тәжікстан қоғамымен көптеген ұқсастық бар.