Қазақстанның қарыздары 165 млрд долларға жетті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i29628-Қазақстанның_қарыздары_165_млрд_долларға_жетті
Қазақстанның Орталық банкі елдің шетелдік қарыздарының 2017 жылдың алғашқы үш айында 1,06 пайызға немесе 1,74 млрд долларға артып, 165,5 млрд долларға жеткенін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 06, 2017 23:29 Asia/Almaty
  • Қазақстанның қарыздары 165 млрд долларға жетті

Қазақстанның Орталық банкі елдің шетелдік қарыздарының 2017 жылдың алғашқы үш айында 1,06 пайызға немесе 1,74 млрд долларға артып, 165,5 млрд долларға жеткенін хабарлады.

Қазақстан биыл шамамен 19,58 млрд доллар шетелдік қарыздарын төлеуі керек. Осы соманың 7,31 млрд доллары қысқа мерзімді, 12,27 млрд доллары ұзақ мерзімді қарыздар саналады. Астананың шетелдік қарыздарының үлкен үлесі Нидерланды мен Ұлыбритания және Америкаға тиесілі. Оның мөлшері 84,62 млрд доллар деп есептеліп отыр.