Қазақстан Қырғызстанға қайтарымсыз несие берді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i30178-Қазақстан_Қырғызстанға_қайтарымсыз_несие_берді
Қазақстан Қырғызстанға Еуразиялық экономикалық одақта белсендірек болуына көмектесу үшін 100 млн доллар көлемінде қайтарымсыз несие берді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 24, 2017 15:03 Asia/Almaty
  • Қазақстан Қырғызстанға қайтарымсыз несие берді

Қазақстан Қырғызстанға Еуразиялық экономикалық одақта белсендірек болуына көмектесу үшін 100 млн доллар көлемінде қайтарымсыз несие берді.

Қырғызстан Қаржы министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов пен Қазақстан Қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов Ыстықкөлде өткен төртінші экономикалық конференцияда Астана тарапынан Бішкекке 100 млн доллар көлемінде көмек беру туралы келісімге қол қойды. Бұл сома Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына бағытталған жол картасын жүзеге асыру үшін берілетін болды. Қырғызстан Қаржы министрінің орынбасары бұл жайлы: «Қырғызстанның экономикасы жаһандық экономиканың жаңа жағдайына көбірек бейімделуі үшін Қазақстан осы елдің жобаларын қаржымен қамтамасыз етеді»,-деді.

Шындық мынада: Орта Азия мен Кавказ елдері тəуелсіздік алған кезден бастап Қырғызстан мен Тəжікстан əлсіз экономикасына байланысты Кеңес одағынан қалған ең кедей елдердің қатарында тұр. Бішкек пен Душанбе басшыларының экономикалық серпіліс жасап, осы елдерді экономика саласындағы тоқыраудан шығару үшін жасаған талпыныстары өз экономикаларын дамыту жолындағы несиенің тұзағынан аман қалуға көмектеспеді.

Басқаша айтқанда, бұл екі ел аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда экономикалық инфрақұрылым бағдарламаларын орындау және экономикалық дамуға қарай қозғалу үшін әлемнің қаржы институттарына қол созып, қарыз сұрауға мәжбүр болды. Алайда, тіпті аймақтық және трансаймақтық елдердің ауық-ауық көмектері де Қырғызстан мен Тəжікстан экономикаларының өткен және бүгінгі жағдайына өзгеріс енгізе алмады. Осы тұрғыдан  Бішкек пен Душанбе қазір шетелдік несиелерге тәуелді болып отыр. Қазір де Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одақта әсерлірек рөл атқаруы үшін экономикалық қуатын көтеру мақсатында Қазақстан тарапынан  Бішкекке бөлінген 100 млн доллар несие көзделген мақсатты орындауға жетерлік үлкен сома болмағанымен, Қазақстанның аймақтық  экономикалық қатынастардағы, әсіресе, қазір Астана аймақтық және халықаралық саяси-экономикалық қарым-қатынастарда белсенді ойыншының рөлін атқаруды өзінің сыртқы саясатының күн тәртібіне қойып отырған жағдайдағы орынын жоғарылата алады. Бұдан басқа Қазақстан бастапқыда Қырғызстанның әлсіз экономикасының Еуразиялық экономикалық одақтағы қарым-қатынас жағдайына теріс әсер ететіндігіне байланысты бұл елдің аталмыш ұйымдағы Кеден одағына қосылуына үзілді-кесілді қарсы болды. Алайда Ресейдің Бішкектің осы одаққа мүше болуы керектігін баса айтуы және мүше елдердің осы одаққа қосылуды қалайтын елдердің экономикасына көмектесуге міндеттілігі Астананың өз ұстанымынан бас тартуына себеп болды. Сондай-ақ,  Өзбекстанда елдің басшысы ауысып, Ташкент жаңа сыртқы саясат қабылдаған соң Өзбекстанның Қырғызстан мен Тəжікстан сияқты аймақтық елдермен әріптестік тәсілі де өзгеріске ұшырады. Қазақстан мен Өзбекстан арасында Орта Азия елдеріне жетекшілік етуге қатысты ежелден келе жатқан жарияланбаған бәсекелестіктің барын ескергенде бұл мәселенің маңыздылығы бірнеше есе артты. Сондықтан Қазақстан аймақтық елдермен экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуді күн тәртібіне қойған Өзбекстанның сыртқы саясатының үдерісін ескеріп, Ташкентпен бәсекелестікте артта қалғысы келмейді. Сол себепті алғашында Қырғызстанды Еуразиялық экономикалық одаққа қосқысы келмесе де, енді бұл елге қаржылай және экономикалық көмек көрсету үшін әрекет етуде. Осылайша халықаралық қатынаста қалыптасқан қазіргі жағдайда аймақтық ықпалды ойыншының рөлін кемелдендіріп, аймақтағы елдерге ықпал етуге қатысты Өзбекстанмен бәсекелестікте де артта қалмауды мақсат тұтуда. Қазақстанның Бішкекке 100 млн доллар көлемінде көмек беруін осы тұрғыдан сараптау керек.