Қазақстанда Еуразия Одағына мүше елдермен 8 мың бірлескен компания жұмыс істейді
Қазақстан премьер-министрі бүгінде Қазақстанның аумағында Еуразия Одағына мүше елдермен 8 мың ортақ компанияның жұмыс істеп жатқанын мәлімдеп, оны мүше елдерге қолдау көрсету үшін өте жақсы көрсеткіш деп атады.
Фарс хабар агенттігінің мәліметі бойынша, «Еуразия апталығы» атты жыл сайынғы халықаралық конференция Еуразия экономикалық одағына мүше елдер мен осы ұйымның экономикалық комиссиясының қатысуымен Қазақстанның бас қаласы Астанада өтті.
Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев сол рәсімде сөйлеген сөзінде: «Бұл конференция елдердің мемлекеттік ұйымдары мен коммерциялық компаниялары арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін ғана емес, сонымен қатар бірлікті нығайту үшін де мүмкіндіктер әзірлеп, елдерге пайдалы байланыстар орнату үшін жағдай дайындайды» деді.
«Еуразия апталығының» конференциясына үкіметтік ұйымдар мен сауда компаниялары және әлемнің 42 елінің экономикалық одақтары қатысып отыр.
Еуразия экономикалық одағына мүше елдер мен ТМД елдерімен бірге Азияның оңтүстік-шығысының, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік Американың көптеген елдері қатысты.