Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында лаңкестікпен күрес комитетінің құрылуын құптады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының лаңкестікпен күреске бағытталған арнайы комитет құру туралы шешімін қолдады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүшелігінің ерекше маңыздылыққа ие екенін айтып, аталмыш ұйым парламентінің лаңкестікпен күреске бағытталған арнайы комитет құру туралы ұсынысын құптады.
Әбдіқалықова сөзінің жалғасында Қазақстанның аймақтағы түрлі трансұлттық қауіп-қатерлерге қатысты алаңдаушылық білдіріп отырғанын баяндап: "Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Елбасының БҰҰ-ның қарамағындағы лаңкестікке қарсы әлемдік коалиция құру және лаңкестік пен әсірешілдікке қарсы әлемдік іс-шаралар жөнінде заң қабылдау туралы ұсынысын қабылдады" деді.
Қазақстандық қайраткер Қазақстан президентінің ұсыныстары мен бастамаларының Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан қолдауға ие болатынын айтты.