Назарбаев АҚШ-тың Энергетика министрінің орынбасарымен кездесті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i30360-Назарбаев_АҚШ_тың_Энергетика_министрінің_орынбасарымен_кездесті
ҚР-ның Президенті АҚШ-тың Энергетика министрінің орынбасарымен кездесуінде экономика саласында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 29, 2017 23:46 Asia/Almaty
  • Назарбаев АҚШ-тың Энергетика министрінің орынбасарымен кездесті

ҚР-ның Президенті АҚШ-тың Энергетика министрінің орынбасарымен кездесуінде экономика саласында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін қуаттады.

Фарс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, экономикалық делегацияны бастап, Астана қаласына барған АҚШ-тың Энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйллетт бүгін таңертең ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Осы кездесуде Назарбаев: "Екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнаған 25 жыл бойы Астана өзінің сыртқы саясатында әрдайым тұрақты болды. Осы жылдар барысында екі ел арасында энергетика мен экономика салаларында әртүрлі келісімдер жасалды. Сол келісімдердің ең маңызды тақырыбы – ядролық қарулармен күрес мәселесі. Бұл келісім Қазақстан тарапынан толық орындалды",-деп баса айтты.

ҚР-ның Президенті сөзінің келесі бөлігінде АҚШ-пен арадағы экономикалық байланыстарды ортаға салып, ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін мәлімдеді.

Дэн Бруйллетт те осы кездесуде Астанамен тек энергетика саласында ғана емес, басқа да салаларда екіжақты қарым-қатынасты жалғастыруға әзір екенін айтып: "Вашингтон Астананың Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болып кіруін қолдайды",-деді.