Қазақстан бүгін Конституция күнін тойлап жатыр
Қазақстан жыл сайын 30 тамызды Конституция күні ретінде мерекелейді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан бүгін осы елдің Конституциясы күнін атап өтуде. 1995 жылы тура осы күні Қазақстан халқы ұлттық референдумда ел Конституциясына дауыс берді.
ҚР-ның Ата заңы 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгертілді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ел Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістерге қол қойылды.
Бұл жоба ҚР Ата заңының 19-бабына үкімет тармақтары арасында билікті қайта бөлу, әсіресе президенттің кейбір өкілеттіктеріне қатысты енгізген 29 өзгертуден тұрады.
Қазіргі Конституция – бұл ел тарихындағы екінші заң.
ҚР-ның бірінші Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда бекітілді.