Екі аптадан кейін Астанада Сирияның бейбітшілік келіссөздері өтеді
(last modified Sat, 02 Sep 2017 09:32:22 GMT )
Қыр 02, 2017 15:32 Asia/Almaty
  • Екі аптадан кейін Астанада Сирияның бейбітшілік келіссөздері өтеді

Қазақстан СІМ Сирия бейбітшілік келіссөздерінің алтыншы кезеңінің қыркүйектің 14-15 күндері Астана қаласында өтетінін мәлімдеді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Қазақстан СІМ жұма күні: "Сирияның бейбітшілігіне байланысты Астана-6 келіссөздерінде Сирияның Идлиб, Хомс облыстары мен Риф Дамаск облысының Шығыс Ғуте аймағында шиеленіс азайған аймақтарды бекіту туралы сұхбат болады",- деп хабарлады.

Астана келіссөздерінің бесінші кезеңі шілденің 4-5 күндері Қазақстан елордасы Астана қаласында өтіп, бұл отырыста Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, территориялық біртұтастығына беріктік пен қақтығыстардың тоқтатылғаны қуатталған болатын.

Сирия бейбітшілігі келіссөздерінің төртінші кезеңі мамыр айының 3-4 күндері Қазақстанның астанасында өтті.