IRNA мен Қазақпарат ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Иранның IRNA ақпарат агенттігі мен Қазақстанның «Қазақпарат» мемлекеттік ақпарат агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Иранның IRNA ақпарат агенттігінің бас директоры Мұхаммад Хаддади мен Қазақстанның «Қазақпарат» мемлекеттік ақпарат агенттігінің басшысы Асқар Омаров сәрсенбі күні Қазақстанның елордасы Астана қаласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Осы меморандумда екі агентттік арасында ақпарат алмасу, әріптестік жобаларын орындау және оқу курстары, шеберлік сабақтары сияқты ортақ бағдарламалар, сондай-ақ, фотосурет көрмелерін өткізу мен басқа да белсенділіктер қарастырылған.
Иран мен Қазақстан басшылары мен делегациялары жайлы бағдарламалар мен екі елдегі жаңалықтардан хабар тарату саласында әріптестік жасау да IRNA мен Қазақпарат арасындағы меморандум баптарының қатарын құрады.