Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі түрмеден босатылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i30531
Қазақстанның Жоғары соты осы елдің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовты 2 жылдан астам уақыттан кейін түрмеден босатты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 07, 2017 15:32 Asia/Almaty
  • Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі түрмеден босатылды

Қазақстанның Жоғары соты осы елдің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовты 2 жылдан астам уақыттан кейін түрмеден босатты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 2015 жылы сыбайлас жемқорлық айыбымен сотталған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов түрмеден босатылды.

Қазақстанның жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша,  Ахметов өтелмеген жазаның қалған уақытын үй қамауында өткізетін болады. 

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі 2015 жылдың желтоқсан айында бюджеттен ақша жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айыппен мал-мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.