Қазақстанда Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технология саласындағы отырысы өтеді
Ислам елдерінің жоғары мамандары Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары саммитының ғылым мен технология саласындағы құжаты мен басты тақырыптары жөнінде пікір алмасты.
Қазақстанның «Қазақпарат» агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, мамандардың бастапқы отырысынан кейін Ислам ынтымақтастық ұйымының басшылар деңгейіндегі ғылым мен технология саласындағы алғашқы саммиты 9-11 қыркүйек арасында мүше елдердің Ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды делегацияларының қатысуымен Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтеді.
Осы мәліметке сәйкес, Қазақстанның қауіпсіздік күштері мен полиция Астана қаласында қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бүгін, сенбі күні осы қаланың басты көшелері жабылды.
57 ислам елінің басшылары мен Ғылым министрлері қатысатын бұл саммитте Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технология саласында 2016-2026 ж.ж. арналған 10 жылдық құжаты бекітіліп, қарар қабылданады деп жоспарланған.