Ислам елдерінің басшылары Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстарды қарастырады
(last modified Sun, 10 Sep 2017 07:53:39 GMT )
Қыр 10, 2017 13:53 Asia/Almaty
  • Ислам елдерінің басшылары Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстарды қарастырады

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф ислам елдері басшыларының Қазақстанда өтіп жатқан ғылым мен технология саммиты аясында Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстарды қарастыратынын айтты.

Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының ғылым мен технология саммитына қатысу үшін ИИР Президенті Хасан Руханимен бірге Қазақстанға келген Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф тілшілерге берген сұхбатта: «Өткен бірнеше күні ислам елдері Сыртқы істер министрлерімен жақын байланыс орнатылып,  ислам елдері басшыларының саммиты аясында Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстар талқыланатын болып келісілді»,-деді.

Зариф Иранның басынан-ақ Қазақстанның Астана қаласында Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстардың талқылануы үшін жиналыс өткізуді мақсат еткенін айтып: «Кейбір қатысушы елдердің ұсынысымен Қазақстан қабылдаушы, Түркия ислам елдері саммитының төрағасы ретінде осы жиналысты өткізу үшін үйлестіру-ұйымдастыру жұмыстарын атқарып жатыр.

ИИР ислам елдері тарапынан Мьянма мұсылмандарына жасалған адамзатқа қарсы қылмыстарға қатысты ортақ позицияның қабылдануына талпыныс жасайды»,-деп қуаттады.