Мьянма мұсылмандарының жағдайы Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитінде қарастырылады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ислам ынтымақтастық ұйымының Астана қаласында өтетін саммитында Мьянма мұсылмандарының жағдайы талқыланатынын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі Астанадан хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов: «Ислам ынтымақтастық ұйымының 10-11 қыркүйек күндері Астанада өтетін саммитында Мьянма мұсылмандарының жағдайы талқыланатын болады»,-деді.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің айтуынша, Мьянма мұсылмандарының жағдайын талқылау мәселесі Түркияның ұсынысымен Астана саммитының күн тәртібіне енгізілді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Астананың Мьянма мұсылмандарының ауыр жағдайына қатысты ресми ұстанымын жариялап, бұл елде исламнан үркіту үдерісінің күшейгеніне алаңдаушылық білдірді.