Иран ислам елдерімен ғылым мен технология саласында әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i30611-Иран_ислам_елдерімен_ғылым_мен_технология_саласында_әріптестікті_кеңейту_қажеттігін_қуаттады
ИИР Президентінің ғылым мен технология жөніндегі орынбасары ислам елдерімен ғылым мен технология саласында әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 10, 2017 14:44 Asia/Almaty
  • Иран ислам елдерімен ғылым мен технология саласында әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттады

ИИР Президентінің ғылым мен технология жөніндегі орынбасары ислам елдерімен ғылым мен технология саласында әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттады.

Ислам елдері басшыларының ғылым мен технология  саласындағы алғашқы саммитына қатысу үшін ИИР Президенті Хасан Руханимен бірге Қазақстанға келген Иран Президентінің ғылым мен технология жөніндегі орынбасары Сурена Саттари сенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иранның ғылым мен технология саласындағы белсенділері ислам елдерінің нарықтарына шығуға дайындалып жатыр. Ислам елдерінің мәдениет пен мазхаб саласындағы ортақ көзқарастары жаңа ғылымдарды дамыту мен ортақ компьютерлік бағдарламалар өндіруге жақсы жағдай жасады»,-деді.

ИИР Президентінің ғылым мен технология жөніндегі орынбасары ислам елдері басшыларының ғылым мен технология саласындағы алғашқы саммиты жайында: «Бұл саммит ислам елдері басшыларының ғылым мен технология саласындағы әріптестік жөніндегі көзқарастарының өзгеруіне жағдай жасайды»,-деді.