Қазақстан 15 ислам елінен тұратын G-20 үлгісіндегі топ құруды ұсынды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i30617-Қазақстан_15_ислам_елінен_тұратын_g_20_үлгісіндегі_топ_құруды_ұсынды
Қазақстан Президенті ислам әлеміндегі ғылым мен экономиканы ілгерілету үшін исламдық дамыған елдердің G-20 үлгісіндегі тобын құруды ұсынды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 10, 2017 19:36 Asia/Almaty
  • Қазақстан 15 ислам елінен тұратын G-20 үлгісіндегі топ құруды ұсынды

Қазақстан Президенті ислам әлеміндегі ғылым мен экономиканы ілгерілету үшін исламдық дамыған елдердің G-20 үлгісіндегі тобын құруды ұсынды.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының Астанадағы ғылым мен технология саласындағы саммитінің ашылу отырысында: «Ислам әлеміндегі ғылым мен экономиканы кеңейту үшін «G-20» сынды топ құру керек деп ойлаймын»,- деді.

Қазақстан Президенті мұндай топтың құрылуының маңыздылығына тоқталып: «Ғылым мен технологияны дамыту біз үшін өте маңызды. Сондықтан, басқа елдермен пайдалы ынтымақтастықты кеңейту қажет. Ынтымақтастық пен технологиялық тұрғыдан алға ілгерілеу ислам әлемінің дамуына көмектеседі. Ислам мен басқа діндердің қарым-қатынастарын кеңейтуіміз керек. Осыған орай осындай басқосулардың көбірек өткені жөн»,- деді.